Жаңалықтар

Қазақстанда ер балаларға қойылатын ең көп есімдер қандай

Ұлттық статистика бюросы Отан қорғаушылар күні қарсаңында қай өңірлерде ерлер саны басым, ер балаларға қандай есімдер жиі қойылатыны туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Мереке қарсаңында ерлердің қай өңірлерде басым екенін қарастырайық.

Жас топтары бойынша ерлердің үлесі:
0-15 жас – 30,2%
16-60 жас – 56,5%
61 жас және одан жоғары – 13,3%

Ерлер ең көп шоғырланған өңірлер:

  • Алматы қаласы – 1,1 млн
  • Түркістан облысы – 1,1 млн
  • Алматы облысы – 806,5 мың
  • Астана қаласы – 785,4 мың

1) Ерлердің орташа жасы – 31,1 жас
2) Күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 72,19 жыл

2025 жыл бойынша:

  • Жұмыспен қамтылған халық арасындағы ерлердің үлесі – 51,6% (4,8 млн ер адам)
  • Жалдамалы жұмысшылар арасындағы үлес – 50,6%
  • Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасындағы үлес – 55,1%.

Салалар бойынша жұмыспен қамтылған ерлердің үлесі:

  • Өнеркәсіп – 16,5%
  • Көтерме сауда – 14%
  • Ауыл шаруашылығы – 12,4%
  • Көлік және қойма – 11,1%

Жеке кәсіпкерлер арасындағы ерлердің үлесі – 54,7%. Ал ең көп жұмыспен қамтылған ерлер 35-44 жас аралығында – 1,4 млн адам.

Айта кетейік, 2025 жылдың алғашқы бес айында Қазақстандағы ең танымал ерлер есімі –  Алан (817 адам). Одан кейін Айсұлтан, Әлихан, Мұхаммед және Рамазан есімдері жиі кездеседі.

Back to top button