Қазақстанда балаларды азғындауға қатысты қылмыс бойынша 8 адамның ісі қайта қаралады
Істер қайта қарауға жіберілді.
Қазақстанда прокурорлар кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыс жасағаны үшін сотталған сегіз адамға қатысты шығарылған сот үкімдеріне наразылық білдірді. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Қылмыс әрекеттері дұрыс сараланбаған
Прокуратура мәліметінше, сотталғандардың әрекеттеріне құқықтық баға беру кезінде қылмыс құрамы дұрыс сараланбаған.
«Жыныстық сипаттағы тиісу және азғындату ретінде сараланған, алайда неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болған. Осыған байланысты прокурорлардың наразылығы бойынша сегіз адамға қатысты сот актілері жойылып, істер қайта қарауға жіберілді», – деп жазылған хабарламада.
9 жастағы қызға қатысты іс қайта қаралды
Бір жағдайда ер адам тоғыз жастағы қызды азғырғаны үшін кінәлі деп танылған.
Прокурордың наразылығынан кейін кассациялық сот сатысы бұрынғы сот актілерін жойған.
Іс қайта қаралып, ер адам жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.
Қызылорда облысындағы іс
Бұған дейін Қызылорда облысының полициясы кәмелетке толмаған қызға қатысты қылмыс жасады деген күдікпен екі ер адамның ұсталып, қамауға алынғанын хабарлаған.