ЖаңалықтарҚоғам

Қазақстанда әлеуметтік желідегі балағат сөздер үшін айыппұл енгізілуі мүмкін

Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында Қазақстанда әлеуметтік желілер мен онлайн-платформаларда балағат және былапыт сөздер қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізуді көздейтін түзетулер әзірленіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖАУАБЫ

Депутаттар сауалына көпшілік қатысқан трансформациялық тренингтердің бірінде адамдардың «психологиялық тәжірибе» деген желеумен ашық түрде бейәдеп сөздер қолданғаны туралы қоғамда резонанс тудырған бейнежазба себеп болған.

Премьер-министрдің жауабына сәйкес, қазір «Онлайн-платформалар және бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленген.

МӘН-ЖАЙЫ

Құжатта ӘҚБтК-нің 434-бабын толықтыру арқылы онлайн-платформалардағы былапыт сөздер үшін әкімшілік жауапкершілік белгілеу ұсынылған.

Сондай-ақ заң жобасы биыл Парламент қарауына енгізілетіні атап өтілді. Оны маусым айында талқылауға шығару жоспарланып отыр.

Back to top button