TOP-2ЖаңалықтарҚоғам

Қазақстанда 2029 жылға қарай коммуналдық қызметтер төлемі 2 есе өседі

Коммуналдық тарифтерді кезең-кезеңімен көтеру жоспарланып отыр.

Ұлттық экономика министрлігі коммуналдық қызметтер бағасын ұзақ мерзімді арттыру жоспарын ұсынды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаевтың айтуынша, бағаның күрт өсуі болмайды: тарифтер бірнеше жылға бөлініп біртіндеп көтеріледі, ал түскен қаражат коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталады.

Ең көп қымбаттайтын қызметтер: су құбыры және кәріз жүйесі. Болжам бойынша, тарифтер жылына орта есеппен 20% өседі, ал 2029 жылға қарай су бағасы екі есе қымбаттауы мүмкін. Қосымбаевтың айтуынша, қазіргі тарифтер суды тазалау және жеткізу шығындарын толық жаппайды.

Электр энергиясы да қымбаттайды. 2026 жылы тарифтер 11%-ға, 2027 жылы 14%-ға, 2028 жылы 15%-ға, ал 2029 жылы тағы 16%-ға өседі. Нәтижесінде электр энергиясының жалпы құны шамамен 70%-ға қымбаттауы мүмкін.

Жылу энергиясы тарифтері де өседі: 2026 жылы — 10%, 2027 жылы — 17%, 2029 жылы — 11%. Жалпы есеп бойынша, жылу бағасы кезең соңына қарай шамамен 65%-ға көтерілуі мүмкін.

Министрлік әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үй көмегі механизмі сақталатынын атап өтті. Егер коммуналдық шығындар отбасы табысының белгіленген үлесінен асып кетсе, айырмасы жергілікті бюджет есебінен өтеледі.

Соған қарамастан, ведомство өкілдері Қазақстанда коммуналдық қызметтер бағасы көптеген елдермен салыстырғанда әлі де қолжетімді деңгейде екенін айтты.

Back to top button