Жаңалықтар

Қазақстанда 14-17 жастағы қыздарға да HPV-ға қарсы вакцина салынады

Енді 14–17 жастағы қыздарға да адам папилломасы вирусына (HPV) қарсы вакцина салу жоспарланып отыр. Тиісті қаулыға Бас мемлекеттік санитар дәрігер Сархат Бейсенова қол қойған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Құжатқа сәйкес, вакцина ата-анасының ерікті келісімімен салынады.

Қазір Қазақстанда HPV-ға қарсы вакцина 11–13 жастағы қыздарға тегін егіледі. Бұл – жатыр мойны обырының алдын алуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама.

Елде қолданылып жатқан төрт валентті «Гардасил» вакцинасы HPV-дың 6, 11, 16 және 18 типтерінен қорғайды.

Вакцина үш кезеңмен салынады:
– бірінші доза кез келген күні;

– екінші доза екі айдан кейін;

– үшінші доза алғашқы егуден кейін алты ай өткен соң.

Дәрігерлердің айтуынша, адам папилломасы вирусы жатыр мойны обыры мен жыныс мүшелерінің қатерлі ісігінің негізгі себептерінің бірі саналады. Қазір вирустың 200-ден астам түрі белгілі.

Сонымен қатар қазақстандықтар вакцинаны өз еркімен ақылы түрде де салдыра алады.

 

 

 

 

 

 

Back to top button