$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Қазақстан ТМД-дағы өмір сүруге және көшуге ең қолайлы ел деп танылды

Қазақстан рейтингте Франция, Түркия, АҚШ және Қытай сияқты мемлекеттерден жоғары орналасты.

Қазақстан Global Relocation Index 2026 рейтингінде 192 елдің ішінде 77-орынға ие болды. Осы нәтижемен еліміз ТМД аумағында қоныс аударып, өмір сүруге ең қолайлы мемлекет атанды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қазақстан 62,9 балл жинады

Рейтингті халықаралық иммиграция және трансшекаралық инвестициялар мәселелерімен айналысатын тәуелсіз Rumavi консалтингтік компаниясы әзірлеген.

Қазақстанның жалпы көрсеткіші 62,9 балл болды. Ең жоғары бағалар қаржылық жағдай, өмір сапасы, денсаулық сақтау, қауіпсіздік пен тұрақтылық көрсеткіштері бойынша берілген.

Қазақстан бірқатар елдерден озды

Қазақстан рейтингте Франция, Түркия, АҚШ және Қытай сияқты мемлекеттерден жоғары орналасты.

ТМД елдері арасында Қазақстаннан кейін Армения, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь және Тәжікстан тұр.

Әлем көшін Эстония бастады

Global Relocation Index 2026 рейтингі бойынша көшіп барып, өмір сүруге ең қолайлы ел — Эстония. Ол 72,8 балл жинап, бірінші орынға ие болды.

Екінші орында — Сингапур (72,6 балл), үшінші орында — Малайзия (72 балл).

Үздік ондыққа Португалия, Тайвань, Литва, Гонконг, Сент-Китс және Невис, Чехия және Мальта да кірді.

 

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button