Жаңалықтар

«Қазақстан темір жолы» басқарма төрағасының міндетін атқарушы тағайындалды

Бауыржан Орынбасаров 1993 жылы Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын «Тасымалдау үдерістерін басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Бауыржан Орынбасаров тағайындалды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Бауыржан Орынбасаров 55 жаста. Ол Қазақстан темір жолы саласындағы еңбек жолын 1994 жылы Батыс Қазақстан темір жолының Қызылорда станциясында жол кезекшісі қызметінен бастаған.

Бауыржан Орынбасаров 1970 жылғы 22 қазан күні Қызылорда облысында туған.

1993 жылы Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын «Тасымалдау үдерістерін басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы:

Батыс Қазақстан темір жолында қызметкер (1993–1994)

Қызылорда станциясының паркі бойынша кезекші, Алматы-2 станциясының кезекшісі, Алматы бөлімшесінің пойыз диспетчері (1994–1997)

«Қазақстан темір жолы» РМК Жүк тасымалының бас басқармасында жол диспетчері, жетекші инженер, бас маман, бөлім басшысы, сондай-ақ Бас директордың бірінші орынбасарының көмекшісі, кеңесшісі, Тасымалдау үдерісін үйлестіру басқармасының бас инженері (1997–2004)

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдары – Тасымал дирекциясының бас инженері, Магистральдық желі дирекциясының бас инженері, Қарағанды бөлімшесі директоры, Тасымалдау үдерісі дирекциясының директоры, Алматы бөлімшесі директоры (2004–2010)

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да Бас инженер – басқарушы директор, Операциялық жұмыс жөніндегі басқарушы директор (2010–2014)

«Қазтеміртранс» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы (02.2014–04.2014)

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Вице-президенті (2014–2016)

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Бас инженері (2016–2017)

Инфрақұрылымдық жобалар жөніндегі вице-президент (24.03.2017–11.2018)

Инфрақұрылым жөніндегі басқарушы директор, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының директоры (11.2018–04.2021)

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы (04.2021–01.2022)

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Өндірістік үдерістер жөніндегі басқарушы директоры (2022 жылғы қаңтардан бастап)

Бауыржан Орынбасаров «Құрмет» (2011 ж.) және «Парасат» ордендерімен (2016 ж.) марапаттталған.

 

Back to top button