Сараптама

Қазақстан қуатты армиялар рейтингіндегі ТОП-10 елдің алтауымен әскери ынтымақтастық орнатқан

Қазақстан әлемдегі әскери әлеуеті жоғары мемлекеттермен көршілік, тарихи тамырластық, стратегиялық қағидаттар тұрғысынан әріптестік орнатып отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ең танымал деп есептелетін Global Firepower рейтингіндегі ТОП-10-ға кіретін Ресей, Қытай, Үндістан, Франция, Түркия және Италиямен арада Парламент деңгейінде ратификацияланған ынтымақтастық жолға қойылған. Ал көш басындағы АҚШ-пен арадағы ынтымақтастық бітімгершілік даярлық, оқу-жаттығулар және әскери білім беру салаларын қамтиды.

Оның сыртында еліміз Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) аясында ұжымдық қорғаныс жүйесіне қатысып, бірлескен күштер арқылы қауіп-қатерлерге қарсы әрекет етеді. Ал Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) арқылы терроризмге қарсы іс-қимыл мен бірлескен оқу-жаттығуларға басымдық беріп келеді.

Жекелеген елдердің ішінде Түркия, Қытай, Ресей, Өзбекстан сияқты іргелес, тамырлас елдермен әскери байланыс берік. Бұл ынтымақтастық оқу-жаттығулар өткізу, кадр даярлау, әскери-техникалық жобаларды сияқты бағыттарды қамтиды. Мысалы, Түркиямен, Қытаймен бірлесіп ұшқышсыз ұшу аппараттарын әзірлеу жұмыстары қолға алынды.

Ал Қатар, Италия, Франция елдерімен әскери білім беру, медицина және бітімгершілік салаларындағы байланыстар кеңейіп келеді. Израиль, Үндістан және Пәкістанмен арадағы байланыс қару-жарақ әзірлеп, жаңғыртуға бағытталған.

Ал Әзербайжанмен ынтымақтастық қорғаныс саласындағы әскери барлау және ақпарат алмасу бағытында дамып келеді.

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Азиялық зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы Болат Әуелбаев бұл екі елдің ынтымақтастығы жан-жақты дамуға әлеуетті екенін айтады.

Болат Әуелбеков

“Екі елдің ұстанымдары Түркі мемлекеттері ұйымы аясында тоғысып тұр. Өзара сенім мен серіктестік тек екі елдің мүддесін шығып, Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдың бейбіт әрі серпінді дамуына қызмет ете алады, – дейді сарапшы.

Back to top button