TOP-1TOP-2Білім

Қазақстан оқушылары Лингвистикадан халықаралық олимпиадада тарихи нәтижеге жетті

Оқу-ағарту министрлігі Қазақстаннан барған төрт оқушы жоғары нәтиже көрсетіп, бір қола медаль мен үш Құрмет грамотасын иеленгенін хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.

Қола медальді білім сайысында Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы Шыңғыс Қарасаев иеленген. Ал Құрмет грамотасының иегерлері болып Маңғыстау облысы Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты мамандандырылған IT лицейінің 11-сынып оқушысы Рамазан Бутантаев, Павлодар қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы Аслан Әжібаев пен Қостанай облысы Жітіқара ауданы білім бөліміне қарасты Абай атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Кирилл Тургумбаев атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының аталған олимпиадаға қатысу тарихында алғаш рет команда мүшелерінің барлығы марапатқа ие болды.

Back to top button