$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Қазақстан мен Еуроодақ Брюссельдегі келісімдердің орындалуын талқылады

Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссияның вице-президенті Кая Калласпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қазақстан мен ЕО жаңа келісімдерді талқылады

Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 23 маусымда Брюссельге жасаған сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды талқылау аясында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын, сондай-ақ алдағы екіжақты және көпжақты байланыстардың кестесін талқылады.

Тараптар энергетикалық әріптестікті нығайтуға келісті

Сұхбаттасушылар энергетика саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне және энергия ресурстарын жеткізудің халықаралық инфрақұрылымын, оның ішінде Каспий құбыр консорциумы шеңберіндегі инфрақұрылымды одан әрі дамыту перспективаларына ерекше назар аударды.

Әңгіме барысында тараптар серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделілігін растап, перспективалы ынтымақтастық бағыттарын кеңейтуге өзара бейілділігін білдірді.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button