TOP-1Экономика

Қазақстан банктері 5 айда 1 трлн теңге таза пайда тапты

Қазақстанның екінші деңгейлі банктері жылдың алғашқы бес айында 1,04 трлн теңге таза пайда тапты.

Ұлттық банктің дерегіне сүйенсек, 1 маусымдағы банк секторының жиынтық таза пайдасы 1 трлн 36,8 млрд теңгеге жеткен. Қаңтар айының қорытындысында бұл көрсеткіш 198,8 млрд теңге болса, сәуірдің соңында 796,7 млрд теңге болған, деп хабардайды Tizgin.kz.

Банктер табысының негізгі бөлігі несие беруден түскен. Бес айда клиенттерге берілген қарыздардың сыйақысынан 3,28 трлн теңге кіріс түскен. Сондай-ақ, банктер Ұлттық банкке салған қаражаттан 368,4 млрд теңге табыс тапқан. Ал бұрын құрылған резервтердің бір бөлігін қалпына келтіру есебінен қосымша 745 млрд теңге кіріс түскен.

5 айда банктердің депозиттер мен өзге де міндеттемелер бойынша сыйақы төлеуге жұмсаған шығыны 2,5 трлн теңге болды. Оның ішінде клиенттердің салымдарына төленген сыйақы көлемі 2,16 трлн теңгеге жетті.
Бес айда банк секторы бюджетке 244 млрд теңге корпоративтік табыс салығын аударған.

Back to top button