TOP-1Экономика

Қазақстан БАӘ-ден мұнай тиелетін екі “ВПУ-ды” 106 млн еуроға сатып алды

Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерінен теңіздегі мұнайды танкерлерге тиеуге арналған арнайы екі құрылғыны (ВПУ) 106 млн еуроға сатып алған. Бұл туралы Tizgin.kz редакциясына “ҚазМұнайГаз” ҰК тасымалдау және логистика департаментінің директоры Ерболат Меңдібаев айтып берді.

“Бүгінгі күні ол ВПУ-лардың бағалары әлі талқыланып жатыр. Қазіргі геосаяси жағдайларға байланысты ВПУ-ларды Новоросийск қаласына әкелу мәселесі кішкене қиындап тұр. Сондықтан сол мәселе бойынша қосымша тағы бір қаражаттар керек болуы мүмкін.

Қол қойылған келісімшарт бойынша олардың бағасы 106 млн еуро. Қазіргі жағдайға байланысты ол өзгеруі мүмкін. Келісімшарт екі жыл бұрын жасалған. Соңғы кезде болып жатқан оқиғаларға байланысты бағасы қымбаттауы мүмкін”, – деді Ерболат Меңдібаев.

Еске сала кетейік, Новороссийск қаласындағы Каспий құбыры консорциумының (КТК) теңіз терминалына жасалған шабуылдан кейін Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерінен шұғыл түрде екі жаңа қалқымалы айлақ құрылғысын (ВПУ) сатып алғаны бұған дейін хабарланған еді. Бұл жөнінде ресейлік РБК басылымы жазған.

Back to top button