Экономика

Қазақстан 2 млн тонна мұнай үшін Қашағандағы жөндеуді тоқтатты

Қазақстанда биылғы алты айда 45,7 млн тонна мұнай өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 91,6 пайызды құрағанын Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ақкенженовтің айтуынша, мұнай өндіру көлемін арттыру үшін ірі жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Қашаған кен орнында жоспарланған жөндеу жұмыстары кейінге шегерілген.

«Қашаған кен орнында бұрын қысқарған өндіріс көлемінің орнын толтыру мақсатында жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары кейінге шегерілді. Бұл 2 млн. тоннаға дейін мұнай көлемінің орнын толтыруға мүмкіндік береді»  – дейді министр.

Ақкенженов мұнай өндірісіндегі жалпы шығын көлемі 4,9 млн тоннадан 3,3 млн тоннаға дейін қысқарғанын атап өтті.

Энергетика министрлігі биыл Қазақстанда 98 млн тонна мұнай өндіріледі деп болжап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан Қазақстаннан бензин сұрап отырғанын Үкіметтің баспасөз орталығында Энергетика министрлігі растағанын жазған едік.

Back to top button