Оқиға
Қарқаралы ауданында 50 адам отырған автобус аударылды
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бесоба ауылынан 15 шақырым жерде вахталық автобус аударылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Көлікте 50 адам болған. ТЖМ құтқарушылары жедел түрде оқиға орнына келіп, зардап шеккендерге көмек көрсетті.
“ТЖМ әуе кемесімен 3 зардап шеккен адам Қарағанды қаласындағы медициналық мекемелерге жеткізілді. Сондай-ақ ТЖМ күштері вахталық көлікте жедел жәрдем және Апаттар медицинасы орталығы мамандары 30 адамды облыстық ауруханаға жеткізді. Зардап шеккендердің жағдайы орташа дәрежеде”, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ күштері мен құралдары, “Матақ” ТМҚП, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы, Қазавиақұтқару және жедел жәрдем бригадалары, полиция қызметкерлері жұмылдырылған.. Жағдай ТЖМ бақылауында.