ЖаңалықтарҚоғам

Қарашығанақ кен орны акционерлерінің бірінің таза пайдасы бірнеше есе қысқарды

Елдегі ең ірі мұнай-газ кен орны акционерінің бірі таза пайдасын бестен бір есе қысқартты. Компанияның қаржы есебіне сүйенсек, «ЛУКОЙЛ Оверсиз Карачаганак Б.В.» компаниясының былтырғы таза пайдасы біршама құлдыраған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Мұнай экспортынан түскен кіріс

Мәлім болғандай, аталған компанияның былтырғы таза пайдасы 19,5%-ға құлдырап, 150,3 млн АҚШ долларын көрсетті. Ал 2024 жылы таза пайдасы 186,7 млн долларды құраған.

Қаржы түсімі 537,1 млн доллардан 479,7 млн долларға дейін кеміді. Мұның бір себебі деп шикі мұнай саудасының бәсеңдеуі көрсетіліп отыр. Мұнай экспортынан түскен кіріс 523,4 млн-нан 467,6 млн долларға дейін азайып, операциялық пайда 253,1 млн доллар деңгейінде тұрақтанды.

Қаржы ағынының ішкі құрылымына мән берсек, өнімнің өзіндік құны 182,5 млн долларға жеткен. Шығынның негізі мұнай-газ активтерінің амортизациясы (90,7 млн доллар), еңбекақы қоры (33,3 млн доллар), геологиялық барлау жұмыстары (17,3 млн доллар) мен өндірістік жөндеу қызметтеріне (17,2 млн доллар) жұмсалған.

Мемлекет қазынасына төленген салық

Бұдан бөлек, өнімді халықаралық нарықтарға жеткізу үшін 34,5 млн доллар жұмсалып, мемлекет қазынасына 90,9 млн доллар корпоративтік табыс салығы төленді.

LUKOIL Overseas Karachaganak B.V. компаниясы Нидерланды елінде тіркелген. Оның 100% акционері – LUKOIL International Upstream Holding B.V.

1,36 млрд долларлық жалпы активке ие филиал халықаралық санкциялық қысымдарға қарамастан, АҚШ Қаржы министрлігінің (OFAC) арнайы лицензиясы арқасында тұрақты жұмыс істеп тұр.

Қарашығанақта қанша газ қоры сақталған

Қарашығанақ – Батыс Қазақстан өңіріндегі ірі мұнай-газ кен орны. Жер қойнауында 1,2 млрд тоннадан астам мұнай мен конденсат, одан бөлек, 1,3 трлн куб метрден астам газ қоры сақталған кен орны Қазақстандағы ең күрделі мұнай-газ жобаларының бірі саналады.

Ауқымды жоба халықаралық компаниялардың басын қосқан серіктестік негізінде игеріліп келеді. Мұнда Shell мен Eni компаниялары негізгі операторлық тізгінді ұстаса, ізін ала Chevron (18%), «ЛУКОЙЛ» (13,5%) мен отандық «ҚазМұнайГаз» (10%) еншілеріне тиесілі үлестерді бөліседі.

Back to top button