$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЖаңалықтарТергеу

Қарағандыда екі адамды өлтіріп кетті

Желілерде таралған мәліметтерге сенсек, оқиға “Оптимист” саяжай қоғамы аумағында болды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ер адам мен әйелдің денесі табылған

Аталған ақпарат қыркүйектің 7-күні таралды. Ажал құшқандар – саяжай қоғамы төрағасы мен қоғам белсендісі.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, адам өлтірді деген күдікті қолға түсті. Анықталғандай, 6 қыркүйекте Қарағандыда Әлихан Бөкейхан атындағы аудандағы саяжай қоғамдары бірінен оқ жарақаты белгілері бар 43 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйелдің денесі табылған.

Аталған дерек бойынша “Адам өлтіру” бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 56 жастағы ер адамды анықтап, ұстады”, – делінген полиция мәліметінде.

Күдікті кінәсін мойындады

Ұсталған адам кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Back to top button