Жаңалықтар

Президенттің Құрылтайдағы өкілдігінің басшысы тағайындалды

Бүгін тиісті өкімге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Әділғазыұлы Қайырбек Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Құрылтайындағы Өкілдігінің басшысы лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ресми құжатта.

Құрылтай – Қазақстанның заң шығару билігін жүзеге асыратын бір палаталы парламенті. Ол Қазақстанда 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция күшіне енген 2026 жылғы 1 шілдеден бастап құрылды.

Құрылтай Қазақстанның Сенаттан (жоғарғы палатадан) және Мәжілістен (төменгі палатадан) тұратын екі палаталы Парламентінің орнына келді.

Құрылтай 145 депутаттан тұрады. Депутаттар пропорционалды жүйе бойынша сайланады.

Бірінші шақырылым депутаттарының сайлауы 2026 жылғы 23 тамызда өтті.

Back to top button