$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24
Жаңалықтар

Президент Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты.

Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті шаралар қабылдауды және қайтыс болған жандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды.

Оқиға жайлы

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығулары кезінде әскери қызметшілерді теңіз ағызып әкеткен. Қазақстан Қорғаныс министрлігінің алдын ала мәліметінше, оқиға ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюі салдарынан болған.

Теңізге 19 әскери қызметші ағып кеткен. Тоғыз адам қаза тауып, үшеуі құтқарылды. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандарын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, оқиғаның себептерін тергеу үшін Үкімет комиссиясы құрылды.

Back to top button