Жаңалықтар
Поляк TVP арнасы Қазақстанға арналған жаңа ақпараттық жобасын іске қосты
«VT Qazaqstan News» арнасы іске қосылды.
Бұл – Полонияның TVP телеарнасының қазақстандық көрермендерге арналған жаңа ақпараттық жобасы. Жаңалықтар қазақ тілінде ұсынылады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Ақпараттық жобаның мақсаты – жалған ақпаратқа қарсы тұру, демократиялық үдерістерді қолдау және Қазақстанның Еуропа Одағы және Полониямен ынтымақтастығын насихаттау.
«YouTube, Facebook және Belsat телеарнасы арқылы көруге болады. Бірінші шығарылым: 2026 жылғы 31 тамызда өтті», деп жазылған хабарламада.
Шығарылым тақырыптары: Көк-Жайлау белсендісі Аруна Ортаеваның қамалуы, Вице-президент пен премьер-министрдің тағайындалуы, Ресейдің Украинаға шабуылдары және Украинаның Ozon қоймаларына соққысы.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақ тілінде хабар тарататын поляк телеарнасы ашылатынын жаздық.