TOP-1Тергеу

Полицей әкесін өлтіріп, өртеді деп күдікке ілінген жасөспірім үйқамаққа жіберілді

Бұл туралы олардың адвокаттары Гауһар Сарыева мен Динара Шамшекова мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

37 жастағы полиция қызметкері Аслан Әлсеровтің балаларына қатысты үйқамақ бұлтартпау шарасы қолданылды. Енді олардың үйіне бейнебақылау камералары орнатылып, өздеріне электронды бақылау білезіктері тағылады.

Сонымен қатар, сот отырысы барысында құқық қорғаушылар балалардың ұзақ жылдар бойы жүйелі түрде зорлық-зомбылық пен қатыгездік жағдайында өмір сүрген болуы мүмкін екеніне назар аударды.

«Олар тек болып жатқан оқиғалардың куәгері ғана емес, өздері де зорлық-зомбылықтың құрбаны болған болуы ықтимал», – деген болжам айтты заңгерлер.

Адвокаттар мұндай мәлімдеме арқылы болған оқиғаны ақтауға тырыспайтындарын атап өтті. Алайда олар балалардың басынан өткен қасіретке де бейжай қарауға болмайтынын жеткізді.

Еске сала кетейік, үйдің отағасын өлтіріп, өртеді деп айыпталған үйдің отанасы мен ұлы бұған дейін қамауға алынғаны жайлы ақпарат тараған еді.

Back to top button