Жаңалықтар

«Атырау – Ақтөбе» пойызына билетсіз мінген жолаушы көз жұмды

«Атырау – Ақтөбе» бағытында болған қайғылы жағдайға сәйкес пойыз бастығы мен екі жолсерік қызметінен босатылды, деп хабарлайды Tizgin.kz

Вагонға жолсерік мінгізген

Оқиға шілденің 13-күні №691/692 бағытындағы «Атырау – Ақтөбе» жолаушылар пойызында болды. Компания бөліскен ақпаратқа сәйкес, бақиға аттанған ер адамда билет болмаған. Алдын ала мәліметке сенсек, оны вагонға жолсерік мінгізді.

Жағдайы аяқ асты нашарлады

Пойыз қозғалғанда жолаушының жағдайы аяқ асты нашарлап, жан тапсырған. Тасымалдаушы компания мәліметінше, вагондағы кондиционер қалыпты режимде жұмыс істеп түрді.

Пойыз Ақтөбе станциясына жеткен соң марқұмның денесі процессуалдық шараларды жүргізу үшін құқық қорғау органдары қызметкерлеріне тапсырылды.

Back to top button