Оқиға

Пойызда мас күйде әйелге тиіскен жайдарманшы айыппұл арқалады

Жайдарманшы Ақылбек Скендіров Қызылорда-Павлодар бағытындағы пойызда шу шығарғаны айыппұл төледі, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Әзілкешке 86 500 теңге айыппұл салынған. Сот отырысында ол кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Сот бұл әрекетті ұсақ бұзақылық деп таныды.

Ақылбек Скендіровтің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады. Кадрлардан оның бостандықта жүргенін байқауға болады.

“Басылды ма? Шыға берейін бе? Қатемді кешіріңдер”, – деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, жайдарманшы Ақылбек Скендиров пойызға ішімдік ішіп мініп, балалы әйелге тиісті деген күдікке ілінген еді.

Back to top button