ЖаңалықтарҚоғам
Петропавлда ауыр жол апаты: 12 жастағы қыз қаза тапты
Көлікті 24 жастағы жүргізуші басқарған. 12 жастағы қыз оқиға орнында қаза тапты.
Петропавлда қаза табумен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Қайғылы оқиға кеше, 25 мамырда, шамамен сағат 20:16-да Потанин көшесінде болған.
«Porsche Cayenne көлігінің 24 жастағы жүргізушісі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. 12 жастағы қыз алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды», – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Апатқа байланысты тергеу жүргізілуде.