$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.60 ¥ 67.62 £ 603.05 ₺ 9.07
☀ +2° Сезіледі -1° Жел 1 м/с Ылғалдылық 87%
TOP-2Тергеу

Павлодардағы турнирде волейболшы қызды ұрған бапкері қамауға алынды

Павлодарда өтіп жатқан волейболдан жеке әйелдер командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінде шымкенттік жаттықтырушы шәкіртінің басынан ұрған. Оқиғадан кейін бапкер жарыстан шеттетіліп, полиция сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бапкерге матч өтетін аймаққа кіруге тыйым салынды

Оқиға турнирдегі матч кезінде болған. Шымкенттен келген жаттықтырушы командадағы волейболшы қыздың басынан ұрған.

Осыдан кейін бапкер жарыстан шеттетілді. Сондай-ақ оған матч өтетін аймаққа кіруге тыйым салынды.

Полиция тергеу бастады

Павлодар облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, күш қолданылған спортшы – кәмелетке толмаған қыз.

«Жаттықтырушының волейбол командасының кәмелетке толмаған қатысушысына күш қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, Павлодар қаласындағы полиция бөліміне жеткізілді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Полиция дерегіне сүйенген ақпаратта жаттықтырушының ұсталғаны да айтылған. Істің қай бап бойынша тергеліп жатқаны және қыздың денсаулық жағдайы туралы мәлімет берілмеген.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button