ЖаңалықтарОқиға

Павлодарда ұрлық жасап, патрульдік көлікті мініп кеткен күдікті ұсталды (Видео)

Күдіктінің кім екені анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Павлодарда полиция дүкеннен ұрлық жасау және қызметтік автокөлікті заңсыз айдап әкету фактілері бойынша қылмыстық істер қозғады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мас күйде болған. Ұрлық жасап, қызметтік автокөлікті айдап кеткеннен кейін Назарбаев – Қазақ Правда көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Құқық бұзушылықтың барлық мән-жайы мен себептері сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталады. Сондай-ақ, қызметтік автокөліктің заңсыз айдап әкетілуіне жол берілу фактісі бойынша қызметтік тексеру басталды.

Back to top button