Тергеу
Павлодарда студент өзін пышақтап тастады
Павлодар қаласындағы медколеджде студент қыз өзіне пышақ сұқты, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Кәмелетке толмаған колледж студенті өзінің білек тұсына пышақ тыққан. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем бригадасы дереу жетті.
«Жәбірленушіге қажетті медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді. Оқиғаның қаруы тәркіленді. Басқа зардап шеккендер туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп пікір білдірді Павлодар облысы полиция департаменті.