$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЖаңалықтарОқиға

Павлодарда сәби терезеден құлап, көз жұмды

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Павлодарда бір жарым жасар бала Торайғыров көшесіндегі тұрғын үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жедел жәрдем оқиға орнына 2 минутта жеткен

Жедел жәрдем қызметіне шақырту 30 шілде күні сағат 19:23-те түскен. Бірінші санаттағы шұғылдық бойынша шыққан медицина бригадасы оқиға орнына небәрі екі минутта жеткен.

Дәрігерлер баланы аман алып қала алмады

Дәрігерлердің жедел әрекетіне қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Оқиға орнында оның қайтыс болғаны тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Мамандар ата-аналарға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, кішкентай балаларды ашық тұрған терезелердің жанында қараусыз қалдырмауға шақырады.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button