Павлодарда 16 баланы азаптаған балабақша қызметкері сотталды
Павлодарда сот балабақша тәрбиешісіне үкім шығарды. Ол 2-2,5 жастағы 16 баланы азаптағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Tizgin.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
ТӘРБИЕШІНІҢ КІНӘСІ ҚАЛАЙ ДӘЛЕЛДЕНДІ
Айыптау тарапы сотталушының балаларға жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсеткенін анықтаған. Оларды ұрып-соғып, шашынан тартып, лақтырып, дене және психикалық зардап келтірген.
Тәрбиешінің кінәсі мемлекеттік айыптауды қолдаған прокурордың белсенді ұстанымы арқасында дәлелдендіү Ол даусыз дәлелдер ұсынып, ауырлататын мән-жайлар арқылы барынша ауыр айып тақты, – делінген ақпаратта.
МӘН-ЖАЙЫ
Биыл сәуір айының 17-і күні сот оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған болатын.
Жазаны өтеуді кейінге қалдырумен, сондай-ақ 3 жыл мерзімге педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, – деп жазылды прокуратура мәліметінде.