$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24
Жаңалықтар

«Өздерін өнерден тапсын»: ІІМ қызметкерлердің жұмыстан шығарылуын түсіндірді

Ішкі істер министрлігі Астанадағы туристік полицияның екі қызметкерін блогермен бірге түсірілген вирусқа айналған видеодан кейін не себепті жұмыстан шығарғанын түсіндірді. Бұл жағдайға Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха түсініктеме берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Журналистер сұрақ қойды

Үкіметтегі брифинг барысында журналистер вируалды видеодағы әрекеттерімен полиция қызметкерлері қазақстандықтарға қандай зиян келтіргенін және бұл жағдайдың не себепті жұмыстан шығаруға негіз болғанын сұрады.

Лепеханың айтуынша, ІІМ-нің шешімі қоғамда үлкен резонанс туғызған. Қазақстандықтардың бұл мәселеге қатысты пікірі де екіге бөлінген.

Қызметтік әдеп талаптары бұзылған

«Біз бұл мәселені тәртіптік комиссияда қарадық. Комиссия қызметкерлердің әрекетінен кем дегенде қызметтік әдеп пен полиция қызметкерлерінің мінез-құлқына қойылатын талаптардың бұзылғанын анықтады», – деді ол.

Полиция қызметкерлері формада болған

Министр орынбасары қызметтік міндетін атқарып жүрген және форма киген полиция қызметкерлері мұндай әрекетке жол бермеуі тиіс екенін атап өтті.

«Қызметтік міндетін атқарып жүрген және форма киген полиция қызметкерлерін блогерлердің қолына көтеріп жүруіне жол беруге болмайды. Бәлкім, біз консервативті көзқарастағы адамдар шығармыз, бірақ полиция қызметкерлері бұлай әрекет етпеуі керек деп есептейміз», – деді Лепеха.

Қызметкерлер жұмыстан шығарылды

Тәртіптік комиссияның қорытындысы бойынша екі қызметкерді жұмыстан шығару туралы шешім қабылданған.

«Тәртіптік комиссия бұл әйелдерді жұмыстан шығару керек деген шешім қабылдады. Бәлкім, олар өздерін мәдениет саласынан таба алатын шығар», – деді министрдің орынбасары.

Еске салсақ, Шетел блогерінің видеосынан соң екі полицей жұмыстан шығарылғаны туралы жазған болатынбыз.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button