TOP-2Жаңалықтар

Бұрынғы “Думан” қонақүйі Отбасы банктің бас кеңсесіне айналды

Астанадағы ғимараттың бір бөлігі аталған банктің бас кеңсесіне айналды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

БАС КЕҢСЕ АСТАНАҒА БЫЛТЫР КӨШІРІЛДІ

Былтыр Отбасы банк бас кеңсесін Алматыдан Астанаға көшіріп, «Думан» қонақүйінің ғимаратына орналастырған еді. Банктің 2025 жылғы қаржылық есебінен бұл нысанның 15,7 млрд теңгеге сатып алынғаны белгілі болды.

ҚҰЖАТТА НЕ ЖАЗЫЛҒАН

«Былтыр шілде айының 18-і күні Банк әкімшілік персоналды орналастыру үшін Астана қаласынан 15 684 677 мың теңгеге ғимарат сатып алды», – делінген құжатта.

Бұдан бөлек, банк орталық аппаратының Алматыдан елордаға көшуі өткен жылдың III–IV тоқсандарында кезең-кезеңімен жүзеге асырылғаны атап өтілген.

Back to top button