ЖаңалықтарОқиға

Өскеменде автобус аялдамасында ер адам қайтыс болды

Өлім себебі – жүрек жеткіліксіздігі.

Жазатайым оқиға бүгін таңертең қоғамдық көлік аялдамасында, Абай даңғылы мен Шәкәрім даңғылдарының қиылысында болды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 6:45-те №16 жедел жәрдем бригадасынан «102» арнасына автобус аялдамасында өмір белгілері жоқ ер адамның табылғаны туралы хабар түскен.

«Қайтыс болған адамның 66 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімнің себебі – жүрек жеткіліксіздігі. Ер адам жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін бақилық болып кеткен», – деп жазылған хабарламада.

Back to top button