Оралдағы түнгі клубта қызды соққан ер адамның үстінен іс қозғалды
Бейнежазбада еденде отырған қыздың өзіне шабуыл жасаған ер адамнан қорғануға тырысқаны көрінеді. Оны итеріп жібергенде, ер адам қыздың басына сынған шыны затпен соққы жасаған, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Бұдан соң әлеуметтік желілерде күдіктінің құқық қорғау органдарында жұмыс істейтіні туралы ақпарат тарады. Дегенмен Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті аталған мәліметті жоққа шығарып, қолға түскен адамның ведомствоға қатысы жоқ екеніндігін мәлімдеді.
“Аталған фактіге сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Бейнежазбаға түскен ер адам ұсталып, полицияға жеткізілді. Тергеу жалғасып жатыр және Полиция департаменті басшылығының бақылауында”, – делінген полиция мәліметінде.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.