Орал ауруханасында науқас көз жұмды: туыстары тексеріс талап етіп отыр
Оралда 12 жастағы қыз баспа диагнозымен ауруханаға түскен соң бір тәулік өткен соң көз жұмды. Ал марқұмның туыстары анық-қанығына жетіп, болған жайтты жауапсыз қалдырмауға бекініп отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz “Мой городқа” сілтеме жасап.
ЕРТҢІНДЕ ЖАҒДАЙЫ КҮРТ НАШАРЛАҒАН
12 жастағы Дәмелі Әбдірахманова 28 маусым күні облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Жақындарының сөзінше, қыз тамағы қатты ауырып тұрғанына шағымданған. Қабылдау бөлімінде ақ халаттылар “іріңді баспа” деген диагноз қойып, палатаға орналастырған. Дәмелінің анасы жанында қалғысы келгенімен, қыздың жасына байланысты заңды өкіліне стационарда бірге болуға рұқсат берілмеген.
Ертеңіңде таңертең баланың жағдайы күрт нашарлаған.
“Дүйсенбі таңертең Дәмелі хабарласып, өзін нашар сезініп тұрғанын, жүрегі қатты соғып жатқанын айтты. Әжесі оған дереу дәрігерлерді шақыруын тапсырды. Қызым “олар маған тек қызу өлшегіш қойып, кетіп қалды” деді. Біз дереу ауруханаға жолға шықтық. Аздан соң Дәмеліні жансақтау бөліміне ауыстырғандарын хабарлады. Ал ауруханаға жеткенде баланың қайтыс болғанын білдік”, – дейді қыздың ағасы Ғалымжан Әбдірахманов.
ДӘМЕЛІ ПАЛАТАДА КӨЗ ЖҰМДЫ МА
Марқұмның туыстары Дәмелі палатада жүріп кеткен болуы мүмкін екенін те болжап отыр. Айтуларынша, қызды жансақтау бөліміне жеткізіп үлгермеген. Оқиға хронологиясын қалпына келтіру үшін отбасы мүшелері тәртіп сақшыларымен бірге аурухана дәлізіндегі бейнебақылау камералары жазбасын қараған.
Туыстарының сөзінше, бейнежазбада Дәмелімен бір палатада жатқан қыздың палата ішінен жүгіріп шығып, медицина қызметкерлерін көмекке шақырғаны анық көрінеді.
Жақындары Дәмелінің дені сау бала болып өскенін айтады. медициналық есепте тұрмаған, ал өткен толық медициналық тексерістен өткен. Тексеріс кезінде ешқандай патология анықталмапты.
ТУЫСТАРЫ ҚОЙҒАН ТАЛАП
12 жастағы қыздың нақты неден ажал құшқаны әзірге ресми түрде анықталған жоқ. Марқұмның туыстары бұны жауапсыз қалдырмайтынын айтып отыр. Олар жуықта құқық қорғау органдарына ресми арыз түсіріп, жұқпалы аурулар ауруханасы дәрігерлерінің әрекетін жан-жақты тексеруді талап етпек.