TOP-2Жаңалықтар
Онлайн-казиноны жарнамалаған тағы бір блогерге іздеу жарияланды

Pin Up онлайн-казино ісі бойынша тағы бір блогер Махмуд Хикматовқа іздеу жарияланды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Оған үш айдан аса уақыт бұрын іздеу салынған. Тергеу дерегінше, блогер тыйым салынған онлайн-казиноға ойыншылар тартқан.

Оған қоса Pin Up танымал тұлғалардың көмегімен өз жұмысын жарнамаланған. Ал блогерлермен байланысуына Хикматов көмектескен. Алайда бұл мәлімет ресми түрде расталған жоқ. Себебі блогердің өзі Қазақстаннан кетіп қалған.
Айта кетейік, Хикматов поп-MMA жекпе-жектеріне қатысқан. Ол өзі өткізген үш жекпе-жектің үшеуінде де жеңілген.
Бұған дейін осындай іс бойынша блогер Қайсар Камза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланған еді. Ол Астанаға жеткізіліп, тергеу изоляторына қамалды.