TOP-2Жаңалықтар

Өңірлерде демалыста ауа райы қандай болады

Қазақстанда алдағы үш тәулікте ауа райы құбылмалы болып, елдің басым бөлігінде аптап ыстық сақталады. Сонымен қатар бірқатар өңірде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Бұл туралы Tizgin.kz порталы синоптиктердің болжамына сілтеме жасап хабарлайды.

Солтүстік пен орталықта нөсер жаңбыр жауады

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашын негізінен қысқа мерзімді әрі жергілікті сипатта болады. Алайда солтүстік және орталық өңірлерде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсіп, желдің күшеюі күтіледі.

Оңтүстік өңірлерде аптап ыстық сақталады

Ең жоғары ауа температурасы еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталық облыстарында тіркелмек. Күндіз ауа температурасы +35…+40 градусқа дейін көтеріледі.

Ал батыс өңірлерде 1 тамыздан бастап ауа райында өзгеріс байқалады. Температура біршама төмендегенімен, климаттық нормадан жоғары деңгейде сақталады.

Синоптиктер тұрғындарға аптап ыстық кезінде күннің ең ыстық уақытында сыртта ұзақ жүрмеуге, жеткілікті мөлшерде су ішуге және ауа райына қатысты ескертулерді қадағалап отыруға кеңес береді.

Back to top button