$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Пікір

«Оңбаған болмаңдар»: Дәурен Абаев жастарға кеңес берді

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Екатеринбургте өткен Халықаралық жастар фестивалінің қатысушыларымен кездескен. Ол жастарға адами қасиетті сақтап, өз ісінің кәсіби маманы болу және адамдармен байланыс орнату жөнінде кеңес берген, деп хабарлайды Tizgin.kz kaztourism.media ақпаратына сүйеніп.

Фестивальге Қазақстанның барлық өңірінен жүзге жуық жас қатысқан. Кездесуде Абаев жастарға айтатын алғашқы кеңесін әдейі өткір сөзбен жеткізген.

«Жастарға былай айта аламын. Оңбаған болмаңдар. Дұрыс аудара ма, білмеймін, солай болады деп үміттенемін. Бұл – біріншісі. Егер “жақсы адам болыңдар” десем, бәлкім, есте сақтамас едіңдер. Оңбаған болмау – өте маңызды дағды, маңызды қасиет», – деді елші.

Абаев екінші кезекте кәсіби біліктілікті атады. Оның айтуынша, адам қандай жұмыспен айналысса да, өз ісінің кәсіби маманы болуы керек.

«Тек оқумен шектелмеңдер»

Елшінің үшінші кеңесі әлеуметтік капиталды арттыруға, яғни адамдармен танысып, байланыс орнатуға қатысты болды. Ол студенттерді сабақтан бөлек қоғамдық өмірге, спортқа және өзге де істерге араласуға шақырды. Абаев өзінің студент кезінде университеттің студенттер кәсіподақ комитетін басқарғанын, 1997–1998 жылдары Қазақстанда КВН чемпионы атанғанын айтты. Сонымен қатар футбол ойнап, спортпен айналысқан. Оның сөзінше, мұндай белсенділік университет бітіргенше көп адаммен танысып, кең байланыс ортасын қалыптастыруға көмектескен.

«Студент кездеріңде басты ресурстарың – уақыттарың бар. Маған сеніңдер, оқуды бітіргеннен кейін жеке жағдайларыңа, жұмыстарыңа және басқа да себептерге байланысты мұншалықты бос уақыттарың болмайды», – деді Дәурен Абаев.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от НОВОСТИ | ТУРИЗМ | СОБЫТИЯ (@kaztourism.media)

Back to top button