$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЖаңалықтарСпорт

«Олимпиаданың екі мәрте жеңімпазы бола алар едім»: Елеусінов мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Олимпиадаға қатысуына кедергілер жасалғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп оның Олимпиада ойындарына қатысқанын қалаған, алайда басқа адамдардың араласуы салдарынан ол Токио және Париж Олимпиадаларына бара алмай қалған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Елеусіновтің сөзінше, осының кесірінен ол Олимпиада чемпионы атану мүмкіндігінен екі рет айырылған.

«Бәрі менен Токиодағы, Париждегі Олимпиадаларға неге қатыспағанымды сұрайды. Өйткені мені ешкім Токиодағы Олимпиададан көргісі келген жоқ, ал Парижде өткен Олипиададан көргісі келді, бірақ Парижде Олимпиадаға қатысуға маған кедергі келтірді. Шахмұрат Мүтәліп менің қатысқанымды қалады, ал басқа адамдар оған кедергі болды. Міне, адам лицензия алды да, бірінші ойында жеңіліп қалды. Мен Олимпиаданың екі мәрте жеңімпазы бола алатын едім. Бар жауабым – осы», – дейді ол.

Еске салсақ, Данияр Елеусінов 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған болатын. Бұл – Қазақстан боксы үшін Олимпиададағы соңғы алтын жүлде.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button