Жаңалықтар

Нөсер жаңбыр, дауылды жел: үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ел аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Синоптиктер 30 маусым мен 2 шілде аралығына арналған Астана мен Алматының ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Астанадағы ауа райы

30 маусымда құбылмалы бұлтты болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +24…+26°C болады.

1 шілдеде құбылмалы бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыс желі 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с. Түнде +16…+18°C, күндіз +25…+27°C.

2 шілдеде де құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +27…+29°C.

Алматыдағы ауа райы

30 маусымда құбылмалы бұлтты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-батыс желі 3-8 м/с, кей уақытта екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Түнде +21…+23°C, күндіз аптап ыстық болып, +33…+35°C күтіледі.

1 шілдеде аспанды бұлт торлап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан және батыстан 3-8 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +21…+23°C, күндіз +29…+31°C.

2 шілдеде құбылмалы бұлтты болады. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Батыстан және солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с, екпіні 15-18 м/с. Түнде +20…+22°C, күндіз +27…+29°C.

Қазақстан бойынша күн салқындайды

Бұған дейін синоптиктер алдағы үш тәулікте белсенді циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болатынын хабарлаған еді. Ел аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Бірқатар өңірде нөсер жаңбыр күтіледі. Сонымен қатар кей облыстарда ауа температурасы +18°C-қа дейін төмендеуі мүмкін.

Back to top button