«Немерелерім орысша сөйлей бастады»: Депутат балабақшадағы тіл мәселесін көтерді
Астанада қазақ тілді балабақша шамамен 40% болса, орыс тілді балабақша 30%, ал ал аралас тілді балабақша 30%.
Депутат Қазыбек Иса Астанадағы балабақшалардың біріне немерелерін бергенін, алайда ол балабақша қазақ тілінде болса да, олар орыс тілінде сөйлей бастағанын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Осыдан кейін депутат немерелерін оқу орталықтарына беруіне мәжбүр болған.
«Осыдан 3-4 жыл бұрын немеремді сол жағалаудағы 2 балабақшаға кіргізіп, екеуінен де қайтадан шығарып алдым. Екі балабақшада да қазақ және орыс тілде екенін айтқан. Немерелерім орысша сөйлей бастады. Не үшін олай екенін білу үшін балабақшаға барсам – ол жерде маған қазақша жауап беретін адам табылмады. Немеремді ол жерден шығарып алып, басқа балабақшаға бардым. Ол жерде де сондай екен. Одан кейін немеремді дайындау орталығына бердім. Ол жерде дұрыс болды», – дейді Қазыбек Иса.
Осы жағдайдан кейін ол бұл мәселені зерттей бастаған.
«Астанада қазақ тілді балабақшалар шамамен 40% болса, орыс тілді балабақша 30%, ал ал аралас тілді балабақша 30%. Аралас балабақша қазақ және орыс тілінде жұмыс істейді деп айтқанмен, оларда жұмыс орыс тілінде жүреді. Сонда оны да орыс тілді балабақша есебіне кіргізуге болады. Балабақшада тәрбие мемлекеттік тілде болу керек деп міндеттеуіміз керек. Барлығы балабақшадан басталады. Мектепте, қызметте неге қазақ тілін білмейтін адам көп деп таң қаламыз. Арпа егіп алып, неге билай күтеміз?», – дейді депутат.
Посмотреть эту публикацию в Instagram