Жаңалықтар

“Неге келе бересіңдер” деді: актер Ілиясов Мәскеуде шовинизмге қалай куә болғанын айтты

Актер Асқар Ілиясов Мәскеуде жүрген кезінде шовинизммен қалай бетпе-бет келгенін есіне алды. Бұл туралы актер “Дөп сөз” подкастында берген сұхбатында айтты, деп жазады Tizgin.kz.

“Емханаға сақтандыру анықтамасын алу үшін келдім. Сол жерде тіркеуде отыратын бір тәте “сендер неге осы жаққа келе бересіңдер?” деп сұрады. 17 жаста едім. Оның неге солай дегенін мүлде түсінбедім. “Мәскеуге театр оқуына түстім” деп мақтанып отырмын. Сөйтсем, ол әйел “сендерде театр оқуы жоқ па сонда?” деп сұрай бастады. Мен Астана мен Алматыда театр институты барын айттым. Ол маған “сендер неге келесіңдер? Сен неге сол жақта қалмайсың? Сен бір орыс баланың орнына алып жатырсың ғой!” деген кезде ғана “ааа, осы екен ғой (шовинизм)” деп не туралы әңгіме болып жатқанын түсіндім. “Кешіріңіз” деп паспортымды алып кеттім. 4-6 жыл ішінде сондай бір сәт болды”, – дейді актер.

Актердің айтуынша, егер бір адам пойызда көңіл-күйі болмай тұрса, ашуын біреуге шығарғысы келіп тұрса ол адам “сені таңдайды” дейді. Сөзінше, Азиядан барғандар оларға “әлсіз звено” болып көрінеді.

Back to top button