TOP-2

Мұндайды доғару керек – Бектенов «Самұрық-Энерго» басшысына қатаң ескерту жасады

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Энерго» ұлттық компаниясының басшысын қатаң сынға алды. Отырыста ол Алматыдағы үшінші жылу электр орталығы бойынша жұмыс мәз емес екенін айтып, жағдай түзелмесе, Қайрат Мақсұтов жеке жауапкершілікті мойнына алатынын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

БЕКТЕНОВ ТАЛАБЫ

Премьер-министрдің сөзінше, экономиканың дамуы елімізді одан әрі индустрияландыру мен цифрландыру, сондай-ақ инфрақұрылымға деген өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз ету үшін энергетикадық қуаттарды арттыру талап етеді.

«Энергетика министрлігі мен «Самұрық-Энерго» қорының басшылары Алматы электр станциялары мен Түркістан облысындағы бу газ қондырғысының уақтылы іске қосылуына тікелей жауап беретінін тағы да еске саламын, – деді премьер-министр.

«ЖҰМЫС ҚАРҚЫНЫ ӨТЕ ТӨМЕН»

Осыны айтты да «Самұрық-Энерго» басшысы Қайрат Мақсұтовты іздеді. Онлайн арқылы жиынға қатысқан ол бар екенін айтты.

«Естіп отырсыз ба? Өткен аптада Энергетика министрі Алматыға барып, екінші, үшін жылу электр орталығын тексеріп келді. Үшінші ТЭЦ бойынша жағдай мәз емес. Жұмыс қарқыны өте төмен. Егер жылдың аяғына дейін бітірмесеңдер сіздің жауапкершілігіңіз қатаң қаралады. Күнделікті бақылауға алыңыз», – деді Бектенов.

Премьер-министр Мақұстовқа мұндай жағдайды доғару керектігін айтты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button