TOP-1Жаңалықтар

Мораторий бітті. Бензин бағасы қалай өзгереді – вице-министрдің жауабы

Энергетика вице-министрі Санжар Жәркешов сенатта мораторий аяқталған соң бензин бағасы қалай өзгеретіні турасында сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Вице-министрдің сөзінше, жанар-жағармай саласында баға нарықтық жолмен қалыптасады. Яғни министрлік бағаны реттемейді.

“Баға өзгеріп жатқан жоқ. Бірінші кезекте, баға сұраныс пен ұсыныс жағдайына қарай құрылады. Қазір елде жанармай тапшылығы жоқ. Елде 600 мың тоннаға жуық бензин мен 600 мың тонна дизель отыны бар”, – деді Санжар Жаркешов.

Бұл ретте ол жанармай қоры жеткілікті екенін атап өтті. Сондықтан ішкі нарықта тапшылық болмағандықтан, отын бағасын өсіруге негіз жоқ.

“Уәкілетті органдар бұл нарықтағы жағдайды үнемі бақылап келеді. Осы орайда бензин мен дизель отынына бағаның негізсіз әрі күрт өсуіне жол берілмейді”, – деді вице-министр.

Былтыр 16 қазаннан бастап инфляция деңгейі тұрақтанғанға дейін АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасын одан әрі көтеруге мораторий енгізілген еді. Оның күші биыл 1 сәуірде жойылды.

Back to top button