Жаңалықтар

Министрліктен Құрылтайға: Есімханов вице-министр қызметінен босатылды

Үкімет қаулысымен Сұңғат Қуатұлы Есімханов Қазақстанның энергетика вице-министрі қызметінен босатылды. Ол бұған дейін «Әділет» партиясының атынан Құрылтай депутаты мандатын алған еді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Үкімет қаулысы шықты

Премьер-министрдің баспасөз қызметі Сұңғат Есімхановтың энергетика вице-министрі лауазымынан босатылғанын хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Сұңғат Қуатұлы Есімханов Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі қызметінен босатылды», – делінген ресми ақпаратта.

Оның қызметтен кетуі Құрылтай депутаттығына өтуімен байланысты. Есімханов сайлау қорытындысы бойынша «Әділет» партиясының тізімімен депутаттық мандат алған.

Құрылтайға өткен шенеуніктер қызметтерін тапсырып жатыр

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаты атанған бірқатар жоғары лауазымды шенеунікті қызметінен босатқан еді.

Олардың қатарында Қазақстанның Солтүстік Македониядағы елшісі Сатыбалды Бұршақов, қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев, Президент Іс басқарушысының орынбасары Абай Алтай және Президент Әкімшілігінің қызметкері Ербол Адаев бар.

Аталған тұлғалардың барлығы Құрылтай сайлауында басым дауыс жинаған «Әділет» партиясының атынан депутаттық мандат иеленді. Партия жаңа Құрылтайдағы 145 орынның 110-ын алған.

Back to top button