Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтегі әдеп пен жемқорлықтың алдын алу: агенттікте семинар ұйымдастырылды

Атом энергиясы жөніндегі агенттікте «Мүдделер қақтығысын реттеу: қауіпсіздік және әдеп стандарттары» тақырыбында семинар өтті. Оған қатысқан 17 мемлекеттік қызметші мүдделер қақтығысының алдын алу, қызметтік шектеулер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңа түзетулерді талқылады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Мүдделер қақтығысы және қызметтік шектеулер

Семинар Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері, Атомдық қадағалау және бақылау комитеті, сондай-ақ Оңтүстік өңіраралық инспекцияның мемлекеттік қызметшілеріне арналды.

Кездесуді Агенттіктің Әдеп жөніндегі уәкілі Н. Н. Джалпақов ашты. Семинарда Агенттік төрағасының штаттан тыс кеңесшісі, «КАЭС» ЖШС комплаенс қызметінің басшысы Дәурен Ақшалов баяндама жасады.

Спикер мүдделер қақтығысын реттеу тәртібін, қауіпсіздік пен әдеп стандарттарын түсіндірді. Мемлекеттік функцияларды орындаумен үйлеспейтін қызмет түрлеріне және жақын туыстардың, ерлі-зайыптылар мен жекжаттардың бірлескен қызметіне қатысты шектеулерге арнайы тоқталды.

Заңнамадағы түзетулер талқыланды

Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, осы бағыттағы стандарттар мен жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері де қарастырылды. Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңа түзетулерді талқылады.

Семинар соңында Дәурен Ақшалов мемлекеттік қызметшілердің сұрақтарына жауап берді. Қатысушылар мұндай кездесулер заңнама талаптарын түсінуге және қызмет барысында қолдануға көмектесетінін атап өтті.

Back to top button