Білім
Мектеп бағдарламасына диктант пен шығарма қайта енгізіледі
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп бағдарламасына өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Министрдің сөзінше, оқушылар қайтадан мазмұндама, шығарма, диктант жазатын болады. Бұл өзгерістер білім сапасын арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар мектеп бағдарламасына бірқатар жаңа пәндер енгізіледі. Атап айтқанда:
- 5–7 сыныптарда – «Конституция негіздері»
- 8–9 сыныптарда – «Заң және тәртіп»
- Жоғары сыныптарда – «Құқық негіздері» (міндетті пән).
Бұдан бөлек, 8-9 сыныптарда «Қазақстан географиясы» аптасына 2 сағаттан оқытылады.
Бұған дейін Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер тесттен босатылғанын мәлімдеген еді.