Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдерді пәндік біліктілік тестінен босату туралы бастама жөнінде тағы видео жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Осы жаңалық ұстаздар арасында көп талқыға түскені белгілі. Министрді көпшілік қолдаса да, оған қарсы пікір білдіріп жатқандар да бар. Соның бәрі министр оқып отырғанын айтады. Бірнеше сұрақ барын айтып, соларға жауап беретінін мәлім етті.
“Біріншіден, бұл – уақытша тоқтату емес. Енді ұстаздар біліктілік тестін тапсырмайды! Бұл тестті алып тастадық. Бірақ бұл тестті педагог мамандығына ең алғаш қадам басып жатқан университет түлектері тапсырады. Өйткені олар мамандыққа енді келіп жатыр”, – дейді ол.
Министр одан бөлек жаңа ұстаздар екі жылдан кейін педагог-модератор – біліктілік деңгейін дәлелдеу үшін осы тестті тапсырады. Қалған санаттағы ұстаздар оны тапсырмайды. Оны ешқандай аттестаттауға байланысы болмайды.
“50 мың ұстаз тапсыратын кезеңімен бүгінгі таңда көрсетілген тесттерді тапсырады. Ал қыркүйектен бастап қосымша үстемақыларын алады”, – деді ол.
Министр енді портфолио жинақтау электронды негізде болатынын айтады. Ұстаздар әркімнен қол жинап жүрмейді. Бәрі электронды болады. Сонымен бірге авторлық бағдарламалар тоқтатылады.