TOP-2Жаңалықтар

Мәсімовтен тәркіленген самурай қылышы аукционда сатылды

ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің үйінен табылған қылыш аукционда қайта сатылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бұған дейін ол бірнеше рет саудаға шығарылып, жеңімпаздар анықталғанымен, мәмілелер кейіннен күшін жойған еді. Оның бастапқы бағасы 379 мың теңге болған қылыш қорытындысында 1 586 954 теңгеге сатылды.

Сипаттамада көрсетілгендей, қылыштың жүзі болаттан жасалған, оның бойымен өзіне тән таяз ойық жүргізілген. Қынабы қара түсті материалдан әзірленсе, сабының тұтқасы сұр түсті металдан жасалып, бедерлі геометриялық өрнекпен безендірілген.

Сарапшылар самурай қылышын 542 719 теңгеге бағалаған.

Back to top button