Тергеу

Мас күйде полицейлерді ұрып-соққан адам жазасын түрмеде өтейді

Астанадағы аулалардың бірінде мас күйдегі ер адам полицейлермен жанжал шығарды. Ол тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбай, балағаттап, кейін жұдырық жұмсаған, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Кикілжің барысында полицейлер түрлі дене жарақатын алғанымен, денсаулығына айтарлықтай ауыр зиян келмеген.

Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Прокуратура өкілдері билік өкілдерін қорлап, оларға қатысты күш қолдану қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын тағы бір ескертті.

Back to top button