Мамырда Ұлттық қордан 500 млн доллар валюта сатылады
Сәуірде ұлттық валюта бағамы 1 АҚШ доллары үшін 463,09 теңгеге дейін нығайды. Қазақстан қор биржасындағы белсенділік те артып, бір күндегі орташа сауда көлемі 372 млн доллардан 394 млн долларға дейін ұлғайды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
ҰЛТТЫҚ БАНК ӨТІНІМІ
Бір айлық жалпы айналым 8,7 млрд АҚШ долларын құраған. Сәуір айында республикалық бюджетті трансферттермен қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық қордан 300 млн АҚШ доллары көлемінде валюта сатылды.
Мұндай ккөрсеткіш жалпы сауда-саттық көлемінің 3,5%-ын құрап, күніне орта есеппен 13,6 млн доллардан айналды.
Ұлттық Банк Үкіметтің өтініміне сәйкес, мамырда бюджет қажеттіліктері үшін Ұлттық қордан 400 – 500 млн долларға тең валюта сатпақ.
ВАЛЮТАЛЫҚ ТҮСІМНІҢ НАРЫҚҚА ӘСЕРІ
Сәуір айында «айналау» операциялары аясында нарықтан шамамен 354 млрд теңге алынды. Мамыр бойы осы мақсатта 354 млрд теңге баламасында шетел валютасы сатылуы мүмкін.
Ұлттық Банк осындай операцияларды жүргізу кезінде нарықтық бейтараптық қағидатын қатаң ұстанатынын, өткен айда ешқандай валюталық интервенция жасалмағанын мәлімдеді.
Сонымен қатар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімнің бір бөлігін міндетті түрде сату нормасы да нарыққа өз әсерін тигізді. Бұл бағыт бойынша сәуірде сатылған валюта көлемі шамамен 273 млн АҚШ долларын құрады.