Экономика

Мамырда Қазақстан мұнайы Германияға жеткізілмей қалған

Онымен қоса, Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жүйесі мен Ақтау теңіз портымен өтетін «Баку–Тбилиси–Джейхан» (БТД) бағытындағы мұнай экспорты кеміді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

БАҚ БӨЛІСКЕН МӘЛІМЕТ

Ресми мәліметпен Reuters «ҚазТрансОйл» компаниясы баспасөз қызметінен сілтеп, бөлісті. Соған сенсек, мамырда Ақтау портынан «Баку–Тбилиси–Джейхан» мұнай құбырына 125 мың тонна қазақстандық шикізат жөнелтілді. Мұндай көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 мың тоннаға кем.

Ал КҚК жүйесіне айдалған мұнай көлемі 102 мың тоннаға азайып, 395 мың тоннаға жетті. Бұдан бөлек, компания мамырда Германия бағытына мұнай экспорттай алмағанын мәлімдеді.

ТАСЫМАЛ КӨЛЕМІ КЕМІМЕГЕН БАҒЫТТАР

Соған қарамастан кей бағыттарда тасымал көлемі артқаны байқалады. Мәселен, «Өзен–Атырау–Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау–Самара» учаскесімен тасымалданған қазақстандық мұнай көлемі 84 мың тоннаға артып, 654 мың тоннаға жетті.

Айталық, Усть-Луга портына – 301 мың тонна, ал Новороссийск портына 353 мың тонна өнім жіберілген.

Сонымен қатар щығыс бағытында да оң динамика байқалды. Мәселен, мамырда «Атасу–Алашаңкөл» магистральдық мұнай құбырымен Қытай Халық Республикасына 83 мың тонна қазақстандық мұнай экспортталды. Бұл 2025 жылдың мамыр айындағыдан 4 мың тоннаға артық.

Back to top button